Қонаев қаласында балаларға арналған спорттық-танымдық іс-шара өтті

3 тамыз күні Қонаев қаласындағы Балаларды қолдау орталығында ерекше әрі мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараны «Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы» ҚБ Алматы облыстық филиалы ұйымдастырды. Бастамашысы – аталған филиалдың президенті Бауыржан Бақтыбайұлы Айнабеков.

Алматы облысы әкімдігі

Алматы, NEGE. Шараның мақсаты – өмірлік сынақтарды бастан өткеріп жүрген балаларға рухани қолдау көрсету, оларды спортқа баулу және өзіне деген сенімін арттыру болды.

Бұл күні орталық тәрбиеленушілері Киокушинкай-кан каратэден еліміздің чемпиондарымен жүздесіп, еркін сұхбаттасып, каратэшілердің әсерлі шеберлік сағатын тамашалады. Спортшылар түрлі соққы техникаларын, күшке негізделген күрделі әдістер мен ағаш сындыру элементтерін көрсетіп, балаларға ерекше әсер сыйлады.

Фото: Алматы облысы әкімдігі

Сонымен қатар, федерация тарапынан балаларға бағалы сыйлықтар тарту етіліп, естен кетпес эмоция мен қуанышқа толы күн ұйымдастырылды.

Шара аясында федерацияның жаттықтырушысы Бекжан Батырбекұлы спортқа қызығушылық танытқан балалар үшін тұрақты түрде апталық жаттығу өткізуге ұсыныс білдірді. Бұл ұсыныс балалардың да, орталықтың да үлкен қуанышымен қабылданды.

Фото: Алматы облысы әкімдігі

Іс-шара соңында барлық қатысушылар үшін дәмді дастархан жайылып, балалар өз өнерлерін – ән, өлең және тілектерін ортаға салды. Шынайы көңілмен өткен кездесу барысында балалар мен спортшылар бір-біріне бауыр басып, қимастықпен қоштасты.

«Бүгінгі күн бұрынғыдан өзгерек. Бұл – бала жүрегінде ұмытылмас із қалдырған мейірім мен шабыт күні болды», – дейді ұйымдастырушылар.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?