Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды.
Алматы, NEGE. Суық хабарды Ерғали Абдраимов әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
"Арман бауырымнан айырылып қалдық ағайын. Айсұлу айналайын және ұрпағына Алла көркем сабыр берсін", - деп жазды ол.
Әлеуметтік желілерде марқұмның әріптестері мен елімізге белгілі өнер қайраткерлері артында қалған отбасына көңіл айтып жатыр.