Коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік коммуналдық қызмет тарифтерін 180 күнге көтеруге мораторий енгізгенін еске салды.

Алматы, NEGE. 100-ден астам табиғи монополия субъектілерінің тарифтері түзетілді, бұл тұрғындарға 3,2 миллиард теңгеден астам қаржы үнемдеуге мүмкіндік берді.

- Бүгінгі таңда мораторий аяқталды. Екінші жартыжылдықта тарифтер ағымдағы жылдың инфляциялық дәлізі аясында өзгереді, - деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов

Тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін теңгеру, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге тарифтердің күрт өсуіне жол бермеу мақсатында министрлік мынадай шараларды қабылдайды:

  • қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау;

  • тұрғын үй көмегінің тетіктерін жетілдіру;

  • өңірдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, әрбір аймаққа жеке көзқарас.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады