Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады

Зерттеушілер SARS-CoV-2 молекулаларының өлшемі жарық толқыны ұзындығынан аз деп отыр.

Алматы, NEGE. Зерттеушілер COVID-19-дың түсін анықтады, деп хабарлайды Le Parisien. «Коронавирустың нағыз түсі – қара және ақ», – деп түсіндірді Әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Андрэ Гютер.

Оның айтуынша, COVID-19-ды түрлі-түсті деп айтқан дұрыс емес. Өйткені SARS-CoV-2 молекулаларының өлшемі жарық толқыны ұзындығынан аз. Пішіні шарға ұқсас.

«Қызыл, сары, қызғылт түстер бөліктерді анығырақ көрсету үшін қолданылады. 3D өлшемдердің де мақсаты осы», – деді Гютер.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде 108,5 миллион адам коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Джонс Хопкинс университеті мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткіш 109 миллионнан асқан. 2,4 миллиона адам көз жұмды.

АҚШ, Үндістан, Бразилия және Ұлыбританияда індетке шалдыққандар саны ең көп.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды