Қолжетімді спорт ауладан басталады

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Майлықожа көшесіндегі көпқабатты № 17 үй ауласында жаңа спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне тапсырылды.

Шымкент, NEGE. Белгілі кәсіпкер Серік Түлбасовтың жеке қорының есебінен салынған алаңшаны қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ашты.

Биыл демеуші қаражаты есебінен салынған 5-ші спорт алаңшасында воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және кіші футбол ойнауға мүмкіндік бар.

– Ел болашағы – жастардың денсаулығы мен білімінде. Сол миссияны орындау мақсатында баршамыз бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Бұқаралық спортты дамытуға өз септігін тигізіп жүрген қаламыздың жомарт азаматтарына алғыс. Биыл Әл-Фараби ауданында жалпы 31 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі. Оның 25-і қала бюджетінен, ал 6-ы демеуші есебінен. Тұрғындар бұл игі істеріңізді ұмытпайды, – деді Мақсұт Пернебайұлы.

Бүгінде Шымкент қаласының барлық аудан аумағында балалар ойын алаңшалары, спорт тренажерлары пайдалануға берілуде.

Жұмыстар жалғасын табады.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ