Колумбияның Сан-Андрес аралы маңынан 4 қазақстандық құтқарылды

Барлығы әр елден келген 15 мигрант құтқарылған.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Олардың ішінде төрт қазақстандық бар. Екеуі - бала. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, мигранттардың қайығы аударылғанда бір адам қаза тауып, төртеуі жоғалып кетті.

Шетелдіктер Никарагуаның Жүгері аралына бара жатқанда апатқа ұшыраған. Орталық Америка арқылы АҚШ-қа жетуді мақсат еткен мигранттар бұл жолды Панама мен Колумбия арасындағы қауіпті джунглиден өтпес үшін таңдаған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр