Ереуілден кейін 400 адам жоғалып кеткен
Колумбиядағы жаппай ереуілден кейін ел бойынша шамамен 400 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау ұйымдарының өкілдері мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Осыған байланысты олар биліктен жоғалған азаматтарды іздеп табуды талап етіп отыр. Колумбия халқы биліктің экономикалық саясатына наразылық танытып бас көтеріп жатыр. Богота мен елдің бірнеше қаласында тәртіпсіздікке ұласқан шерулер бір аптадан бері басылмай тұр. Салдарынан ондаған адам қаза тауып, жүздегені жарақат алды.