Колония қызметкері Тоқаевқа үндеу жолдады
Павлодардағы АП-162/4 колониясының бұрынғы қызметкері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады. Шағын видеода ер адам басшылық қоқан-лоқы көрсетіп, арнайы мекемедегі жұмысынан кетуге мәжбүрлегенін айтады. Шағым бойынша тексеріс жүргізіліп жатқаны белгілі болды.