Колледждерде қабылдау емтихандары болмайды

Қазақстанда колледждерде қабылдау емтихандары болмайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Министрлік жергілік атқарушы органдармен бірлесе қаражатты нақты студентке бекіту ұстанымы бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастырудың жаңа тетігі даярланды. Егер осыған дейін өңірлердің білім басқармасы колледждер арасында мемлекеттік тапсырысты өздері орналастырса, енді жаңа механизм бойынша ЖОО –ға және «Балапан» бағдармасына ұқсас абитуренттер колледжді әрі мамандықты өздері таңдайды», - деді вице-министр Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында.

Осы орайда ол жаңа ереже бойынша абитуренттер колледжге қалай түсетінін айтып берді.

«Жаңа механизмге сәйкес, педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар бойынша арнайы сынақтардан бөлек, колледждерде қабылдау емтиханы болмайды», - деді Б. Асылова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастырудың жаңа ережесі әзірленді.

«Министрлік кадрлар бойынша экономиканың орта әрі ұзақ мерзімдегі қажеттігінің болжамын, өңірлік еңбек нарығын және жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласын ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыррдың ережесін әзірледі», - деді вице-министр.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті