15 октября 2025 г. 16:17

Көлікті жасөспірім басқарған: Алматы облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды

Фото: Полиция

Алматы облысы Жалпақсай ауылында жол-көлік оқиғасы болды.  

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан бейнежазба жарияланды. Ондағы мәліметке сәйкес, екі көліктің бірін 13 жастағы жасөспірім басқарған. Жасөспірім жол апатынан кейін емханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 13 қазанға қараған түні Қарасай ауданының Жалпақсай ауылында болды. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Шамамен сағат 00:30–да «ВАЗ» және «Hyundai Grandeur» маркалы автокөліктері соқтығысты. Алдын ала анықталғандай, «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шыққан кезде басты жолмен келе жатқан көлікке жол бермеген. Жол апатының салдарынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Екінші көлік жүргізушісі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады полициядан.