Көлік нөмірінің әрпін өзгерткен жүргізуші қамалды

Жамбыл облыстық ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Меркі ауданы маңындағы тасжолда көлігінің нөмірін өзгертіп алған фура жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” профилактикалық іс-шарасы барысында “АвтоСканнар” мобильді кешенінің көмегімен, өтіп бара жатқан DAF жүк көлігінің мемлекеттік нөмірдегі бір әрпі басқа екенін анықтаған.

Қырғыз Республикасының 33 жастағы тұрғыны бұл әрекетін жолда жылдамдықты асырғаны үшін бейнекамераларға түсіп қалмау мақсатында жасағанын мойындады.

Ер адамның Қырғызстаннан Ресейге Қытай автокөліктерін тасымалдаумен айналысатыны белгілі болды.

Меркі аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді