Көлік министрлігі: Мереке қарсаңында теміржол және әуе билеттері қымбаттамайды

Қазақстанда мереке қарсаңында теміржол және әуе билеттері қымбаттамайды. Бұл туралы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров айтты.

ru.skyscanner.com

Астана, NEGE. Оның сөзінше, алдағы мерекелерге орай, сұраныс көп болатын негізгі бағыттар – Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларына әуе рейстерінің саны көбейтіліп, қосымша тиісті ұшақтар бөлінеді. Теміржолға да дәл осы бағыттар бойынша қосымша билеттер дайындалады. 

Сонымен қатар, вице-министр билет бағасы қымбаттамайтынын айтты. 

Көбіне 50 пайыз адам өз бағытын ерте жоспарлайды. Сондықтан алдын ала алынған билет арзан болады. Ал, жалпы билет бағасы мереке күндері өз қалпында қалады, – деді Қалиақпаров.

Ол мерекеден кейін де билет бағасына өзгерістер енгізілмейтінін айтты.