Көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат беру ұсынылды

Қазақстанда бүкіл көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат беру ұсынылды. Бұл туралы жол ережелері туралы жарлыққа енгізілген түзетулерде көрсетілген.

Алматы, NEGE. Жұмыс және демалыс күндері сағат 07.30-дан 9.30-ға дейін, 17.00-ден 20.00-ге дейінгі уақытты қоспағанда, бүкіл көлік құралына автобус жолағымен жүруге рұқсат беру ұсынылды.

«Қоғамдық көлік құралдарына арналған жолағы бар тасжолда сағат 07.30-дан 09.30-ға дейін, 17.00-ден 20.00-ге дейінгі уақыт аралығында автобуыстар қозғалады және аялдамада тоқтайды, ал қалған уақытта және демалыс күндері жолақта қоғамдық көліктен басқа көлік құралдары да қозғалып, тоқтай алады», –  делінген қаулыда.

Қолданыстағы қаулыға өзгерістерді жария талқылау 2021 жылғы 31 мамырға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті