Көлік жүргізушілеріне шектеу енгізілді

Алматы қаласында жүргізушілер көлікке бетперде киіп отыруы тиіс.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, арнайы қызмет көрсететін жеңіл көлікте екі адамнан артық жолаушы болмауы керек.

Алматы тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирус инфекциясының белең алуына жол бермеу мақсатында қала аумағында 2020 жылдың 6 сәуірі сағат 00.00-ге дейін қала ішінде адамдардың және көліктердің қозғалысына бірқатар шектеу енгізілді.

Қалада ресми тіркелген такси қызметі де жұмыс істей береді. Бірақ оларға арнайы талап қойылады.

«Арнайы қызмет көрсететін жеңіл көлікте жүргізушіні қосқанда, екі адамнан артық жолаушы болмауы керек, жолаушылар бір-бірінен өте алшақ отыруы үшін олар шахмат тәртібімен (қиғаш) орналасуы тиіс. Жеңіл көліктер жеке қорғаныс құралдарымен (медициналық бетпердемен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі қажет. Жүргізуші міндетті түрде бетперде киіп отыруы тиіс», – делінген қалалық тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаменті таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды