Көлік жүргізген 6 жасар баланың әкесі жазаланды

Қазақта 4-5 жасқа толған балаға азамат болдың деп нағашылары тай атайтын дәстүр бар. Ат жалын тартып мініп бала ер жетеді. Мына заманның тұлпары автокөлік екенін ескерсек, оны балаға сеніп тапсыра алмаймыз. Жуырда алматылық азамат баласына көлік жүргізуге рұқсат етіп, оны видеоға түсіріп алған. Онысы кейіннен желіде тарап, қызу талқыланды.

Алматы, NEGE. Алматыда алты жасар балаға Gelandewagen маркалы автокөлікті тізгіндеуге рұқсат беріп, оны видеоға түсірген. Баланың әкесі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полицейлер заңбұзушылық дерегін әлеуметтік желі арқылы білген: бастапқыда баланың әкесі ұлының элиталық көлікті басқарғанын видеоға түсіріп, жариялаған. Содан кейін видео танымал аккаунттарда пайда бола бастады. Бұл жағдай негізінде күздің соңында болған. Әкесі мен ұлы 2019 жылы 20 қарашада «Нижняя Пятилетка» аумағында көлік жүргізген. 

«Бала оқу полигонында көлікті тізгіндегіне қарамастан, ең алдымен баланың өзі үшін үлкен қауіп төнуі мүмкін екенін ескерген дұрыс. Әкесі осы жағдайды ескеруі керек еді. Азамат Ш. осы заңбұзушылықпен келісті, алдағы уақытта ұлына тізгінді бермеуге уәде берді. Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 5-бөлігінде («Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы») көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы жағдайды пайдалана отырып, жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға кезекті рет шақырамыз, бұл – жолдағы қауіпсіздіктің негізгі кепілі», – деді қалалық ПД басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр

Жамбыл облысында екі оқушының мәйіті табылды

Бастамашыл топ «Әділет» атты жаңа саяси партия құрылатынын мәлімдеді

7 трлн теңге дауы: банктерде тексеріс жүріп, заңбұзушылықтар анықталып жатыр