Көлік Жайық өзеніне батып, екі адам қайтыс болды

17 қазан күні учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздері барын хабарлаған.

Алматы, NEGE. Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды. 

Көлік ішінен 1971 жылы және 1981 жылы туған екі ер адамның денесі анықталды. Дене жарақаттары байқалмады.

Бейнекамераларда 16 қазан күні сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны түсіп қалған. Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады