Көлік салығын төлеу мерзімі ұзартылды

Салық жүйесіне енгізілген өзгерістерге сай енді көпқабатты үйде тұратындар жер салығын төлемейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Ал көлік салығы әр жылдың 31 желтоқсанына дейін емес, келесі жылдың 1 сәуіріне дейін төлену керек. Бұл норма жергілікті биліктің қаржыны игеруіне де жүргізушілердің өсімпұлға ұрынбауына да септеседі.

Қазақстандық автомобиль жүргізушілері қазына деген қара қазанға аттай 14 миллиард теңге қарыз. Бұл берешек бүйірден қыспағанымен, жеме-жемге келгенде едәуір кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы шұғыл шетелге шығу керек болса, алдымен қарызды өтетеді. Елордалық Бауыржан Қашаев жаңа норманың енгізілуі қаржылық тұрғыдан да ыңғайлы деп есептейді.

Қазір оқып жатыр

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ