Көлігіңіз айып тұрағынан шықпасын

Алматы полициясы айыппұл төлемеген жүргізушілердің мүлкін тәркілеп, айып тұрағына қою шарасын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Қалалық полиция «Борышкер» жедел профилактикалық акциясын бастап кетті. Бұл акцияның мақсаты – әкімшілік істер бойынша заңбұзушылықтың алдын алу, қордаланған айыппұлды өндіру. «Полиция қызметкерлері прокуратура мамандарымен бірге «ПОТОК-М» мобильді кешенін қолдана отырып, әкімшілік айыппұл төлемей жүрген жүргізушілерді анықтай бастады. Алгоритм бойынша бұл көлік иесінен тәркіленіп алынып, айып тұрағына қойылады. Тек көлік иесі айыппұлдан құтылған жағдайда ғана көліктер қайтарылады», – деді полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты