Көлігінің доңғалағын ауыстырып жатқан жігітті полицей қағып өлтірді

Полиция қызметкері 22 жастағы жігітті қағып өлтірді. Оқиға 2 қазанға қараған түні Өскемен-Семей тасжолының 25-ші шақырымында болған.

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға қараңғы уақытта болған. Қаза болған жігіт көлігінің жарылған доңғалағын ауыстырып жатқан Алдын ала мәлімет бойынша 22 жастағы жігіт достарымен бірге келе жатқан көлігінен жарылған доңғалақты ауыстыру үшін түскен. Осы кезде оны өтіп бара жатқан Lada көлігі қағып кеткен. Зардап шеккен ер адам алған жарақатынан қайтыс болды.

«Lada автокөлігінің рөлінде полиция қызметкері болған. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Видеотіркеуіштердің жазбалары алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелді», – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция жол апатынан кейін тәртіп сақшысы жұмыстан шығарылғанын атап өтті.

Баспасөз қызметі сонымен қатар полиция департаментінің басшылығы марқұмның туыстарымен кездесіп, көңіл айтқанын жеткізді.

Жас жігітті 4 қазанда ақтық сапарға шығарып салды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады