Көлгінов: «Мен де қар тазаладым»

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Нұр-Сұлтан қаласындағы қарды тазаладыңыз ба?» деген сұраққа жауап берді.

Алматы, NEGE. «Тұрғындар неге күрек алып, қарды тазаламады деп сұрап жатыр», – деді журналистер әкімге халықпен есеп беру кездесуі барысында. «Мен де тазаладым, бірақ көрсетпедім. Не үшін көрсетем? Олар сосын пиар жасап жүр дейді» деп жауап берді Алтай Көлгінов.

Бұған дейін ол қарды қалай тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып берді. Айта кету керек, елордада қысқы кезеңде өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп қар түскен.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады