Көлгінов Кореяда олжалы болды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов оңтүстіккореялық компаниямен жаңа зауыттың құрылысы туралы жоспарды талқылады.

Алматы, NEGE. «Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарым барысында Hyosung Heavy Industries компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Нұр-Сұлтанда Alageum Electric компаниясымен бірлесе жоғары вольтты электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыт құру талқыланды", – деп жазды елорда әкімі Instagram желісіндегі парақшасында. 

Әкімнің айтуынша, жоба 200 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді екен. 

«Отандық нарықтан басқа өнімдерді басқа елдерге экспорттау жоспарланған. Hyosung Corporation компаниясы – Оңтүстік Кореяның ірі холдингтерінің бірі. Негізгі қызмет түрі – генераторлар мен өнеркәсіптік жабдықтарды, трансформаторларды, тарату және тарату жабдықтарын өндіру және сату», – деп толықтырды Алтай Көлгінов.

Қазір оқып жатыр

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев