Көлгінов интернетте материал жариялауға 77 миллион жұмсамақ

Нұр-Сұлтан әкімдігі интернетте материал жариялауға 77 миллион теңге жұмсамақ, деп хабарлады

ҚазТАГ.
Алматы, NEGE.  «Тапсырыс беруші - "Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі»; атауы – бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдар орналастыру бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы – Елордалық мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық жариялау және мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелерін интернет-ресурстарда түсіндіру; жоспарлы сомасы – 77 365 178,6 теңге», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лот сипаттамасында.
Конкурсқа қатысу үшін алдын-ала өтінім қабылдау 17 наурызда сағат 9.00-де басталады және 1 сәуір сағат 9.00-де аяқталады.
«Өнім беруші Тапсырыс берушінің келісімі бойынша ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі мен мәслихаты жүргізетін мемлекеттік саясатты түсіндіретін ақпараттық және шолу материалдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды және жариялайды, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген мемлекеттік әлеуметтікэкономикалық саясаттың басым бағыттары бойынша міндеттерді іске асыру барысын түсіндіру және жария ету», - делінген конкурстың техникалық ерекшелігінде.
Оған сәйкес, қызметтер 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін көрсетілуі керек.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады