Көлгінов: коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар табылды

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған тұрғындардың бәрі табылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты.

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Коронавирус індетінің өте жылдам таралуына байланысты әлемнің бірнше елінде төтенше жағдай жарияланғанын білесіздер. Мұндай қысылтаяң кезеңде Нұр-Сұлтан қаласында нысандар қалай жұмыс істейтіндігі туралы айтып беруге рұқсат етіңіздер. Бүгінгі таңда қалада коронавируспен ауырғандар саны 17 адамға жетті. Сол себептен біз қауіпсіздік шараларды күшейттік. Бұл азаматтармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы табылды. Олар арнайы орындарға жатқызылды. Сонымен қатар зертханалық зерттеулер жүргізілуде», - деді қала басшысы.

Елорда әкімінің атап өтуінше, 28 қаңтар мен 16 наурыз аралығында стационарда 752 адам жатты. Қазір ол жерлерде 318 пациент карантинде жатыр. «Диагонстика жасап, емдеу үшін 1 051 орынға арналған арнайы медициналық орын белгіленді. Қажет болған жағдайда қосымша осынша орын дайындаймыз. Медициналық ққызметкерлер коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдігі бар пациенттермен жұмыс істеудің нақты іс-әрекет тәртібін жақсы біледі. Оларға қазіргі таңда оларға үлкен салмақ түсуде. Сондықтан, қала тұрғындары мен қонақтарын медициналық қызметкерлерді қолдауға шақырамын. Медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекпен, басқа да қажетті заттармен толықтай қамтамасыз етілген», - деді Алтай Көлгінов.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді