«Көктөбе» телемұнарасының сәулеттік жарықтандыруы жаңа кесте бойынша жұмыс істейді

Алдағы мереке қарсаңында 20 желтоқсаннан бастап «Көктөбе» телемұнарасының мультимедиялық жарықтандыруы күн сайын сағат 17:00-ден 01:00-ге дейін қосылады, ал 01:00-ден 05:00-ге дейін ғимараттың қасбеті негізгі жарықпен жарқырайды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін телемұнараның сәулеттік-көркем жарықтандыруы сағат 20:00-де қосылатын.

Телемұнараның жарықтандыруы Seoul Tower, Tokyo SkyTree сияқты әлемдік биік нысандарға ұқсас түрде қаланың сәніне айналып, тәуліктің кез келген уақытында шаһардың символы болуына ықпал етуде.

Айта кетейік, биіктігі 370 метрден асатын телемұнара 185 TLOS-H прожекторы әртүрлі сәуле тарату бұрыштарымен жабдықталған.

Сондай-ақ, құрылымның 10 деңгейін жарықтандыратын LED модульдері бар жарық сызықтарынан тұратын медиафасадпен қамтамасыз етілген.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті