Көктемгі каникул қашан басталады?

Мектеп оқушылары үшін биылғы оқу жылының ең ұзақ тоқсаны аяқталып келеді. 

gov.kz

Астана, NEGE. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл көктемгі каникул 19 наурызда басталып, 29 наурызды қоса алғанда 11 күнге созылады.

Осы тоқсанда бірінші сынып оқушылары үшін 9-15 ақпан аралығында жеті күндік қосымша демалыс берілген еді.

Көктемгі каникулдан кейін 30 наурызда оқушылар мектепке оралып, төртінші тоқсанның сабақтарына кіріседі.

Төртінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады, оқу жылы 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті