Көктайғақтан 50 көлік соқтығысты

Германияның Амберг қаласында (Бавария федералды жері) шамамен 50 көлік соқтығысқан жол апаты болды. Бұл туралы бейсенбі күні кешке BILD газеті хабарлады.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, бірнеше адам жарақат алған. Оқиға орын алған нөмірі алтыншы автобан екі бағытта да толығымен жабылды. Жол апатына мұзды жаңбыр себеп болды.

«Мәселе мынада, Жоғарғы Франконияда мұз аралас жаңбыр жауды. Тіпті әріптестеріміздің өзі апат орнына жеткенде қиындықтарға тап болды», - деді тәртіп сақшылары.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр