Көктайғақ, бұрқасын, тұман: синоптиктер 11 өңірде ескерту жасады

Синоптиктер бүгін, 2 желтоқсанда Қазақстанның 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматы, NEGE. Астанада бұрқасын, көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. 

Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар). Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трамптан хат алды

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған