Көкшетаулық кәсіпорын жылына 800 комбайн құрастырмақшы

Көкшетау қаласында комбайн шығаратын «Kazrost Engineering» компаниясы өндіріс көлемін ұлғайтып, жылына 800 комбайн құрастыруды жоспарлап отыр. Осы бағытта жобаға 7,5 миллиард теңгеден астам инвестиция салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы. NEGE. Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда кәсіпорында «Вектор» және «Acros» тәрізді алымдылығы жоғары комбайндар шығарылады. Сонымен бірге, шалғы, астық тиегіш сияқты ауыл шаруашылығы техникалары құрастырылады. «Компания жаңа екінші цехтың құрылысы мен өндірісті жаңғырту есебінен өндіріс көлемін ұлғайтып отыр. Комбайн құрастыратын қосымша тағы жеті бекет ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, бізде бояп кептіретін жаңа кешен жұмыс істейді. Бұл бізге бірінші кезекте комбайнның барлық бөлшегін ауа райына қарамастан үздіксіз бояуға мүмкіндік береді. Екіншіден уақыт үнемдеп, құрастыру жұмыстарын жеделдетеді», – дейді кәсіпорын басшысының өндіріс бойынша орынбасары Виталий Кун. Айта кетсек, жыл басынан бері кәсіпорында 440 бірлік «Вектор» және «Acros» тәрізді алымдылығы жоғары комбайндар құрастырылып шығарылды. Дайын өнімді еліміздің астықты облыстары сатып алады. Мұндағы бір комбайнның құны 42-45 миллион теңгені құрайды. Жалпы, Ақмола облысында алтын өндіретін, кірпіш шығаратын, ауыл шаруашылығы және коммуналдық техникаларды құрастыратын, авиция және медицина өнімдерін шығаратын 15 кәсіпорын бар, онда барлығы 20 адам еңбек етеді.

Қазір оқып жатыр

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйелге қатысты іс қозғалды

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады

Астанадағы MEGA Garden маңынан пәтер алу қаншалық тиімді?