Көкшетауда жалған құжатпен көлік айдаған мас жүргізуші ұсталды

Көкшетауда көлік жүргізу құқығынан айырылған ер адам жалған құжатпен мас күйінде көлік айдап жүрген кезінде ұсталды.

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, жол патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері Вернадский көшесінің бойында күдік туғызған «Лада Ларгус» маркалы көлігін тоқтатқан. «Құжаттарын тексеру кезінде 45 жастағы жүргізушінің масаң күйде болғаны анықталды. Тәртіп сақшылары оның үстінен ҚР ҚК 346 бабы бойынша іс қозғады. Сонымен бірге, ер адамның көлік жүргізуші құжатты жалған болып шықты. Анықталғандай, ол 2018 жылы сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылған», - дейді ведомстводан. Қазірге жалған құжат жасау қатысты Қылмыстық кодекстің 385 бабы бойынша да іс қозғалды. Тәртіп сақшылары, тергеу барысында жалған құжатты жасаған адам да анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтуда.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты