Көкшетауда перзентханадан қашып кеткен әйел өлі күйінде табылды

Көкшетауда баласын туған соң бір әйел перзентханадан қашып кеткен.

Алматы, NEGE. "Перинаталдық орталықтың" жаңа туған нәрестелер бөлімінің дәрігері полицияға хабарласып, әйелдің жоғалып кеткенін хабарлады.

Белгілі болғандай, босанғаннан кейін әйелден маза қашқан.

27 тамызда, сағат 19:00 шамасында перинаталдық орталық пен қалалық аурухана аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жоғалған әйел жұқпалы аурулар ауруханасының артындағы ағашқа асылулы күйі табылды. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, "Суицидке итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалары тағайындалды, - деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.

Қазір оқып жатыр

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Мұнай тағы да күрт қымбаттады

Туризм министрлігі күтіп алмаған америкалық блогерді Баян Алагөзова қонақ етті

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған