7 ноября 2023 г. 12:08

Көкшетауда мас тұрғын ішінде жолаушысы бар көлікті айдап кеткен

Фото:

Көкшетауда мас тұрғын көлікті жолаушысымен заңсыз айдап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. BMW автокөлігі Көкшетаудағы ойын-сауық орындарының бірінің тұрағынан ұрланған. Көлік иесі осы уақытта дәмханада болған, алайда оның досы көліктің салонында ұйықтап жатқан, ол көлікті бөтен адам басқарғанын байқамаған. 
Жәбірленушінің айтуы бойынша, 2 қарашада ол өзінің таныстарымен бірге облыс орталығына Астана қаласынан келген. Кешке дәмханада отыруға шешім қабылдағаннан кейін, ол жеке көлігін автотұрақта қалдырған, сол кезде оның достарының бірі көлікте ұйықтап қалып, ол тоңып қалмас үшін, көлігін іске қосып, кілтін көлікте қалдырған. Кейінен айдап кеткен мас ер адам көлікті соғып алған. Соққыдан әйнегі сынып, досы оянып кетеді. Полицияға осы кезде ұрлық жайында хабарлама келіп түседі.

Полиция күрделі оқиғаны тексеріп, көлікті ұрлауға қатысы бар адамды анықтады. Ол сол кафеге келушілердің бірі болып шықты.

Қала тұрғынының айтуынша, оқиға кезінде ол мас болған және біреудің көлігін қалай айдап кеткеніесінде жоқ. Ол сондай-ақ қатты соққыдан есін жиып қайда екенін түсінбей, көліктен шығып, белгісіз бағытқа кеткен.

Оқиғада ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді. Қазіргі уақытта мұқият тергеу жүргізіліп жатыр.

Тегтер: