Көкшетауда Калашников автоматын жасайтын болды

Өткен жылы Мәскеу маңындағы Жуковскийде өткен МАКС-2021 халықаралық әуе ғарыш форумында Ресей мен Қазақстанның құзырлы органдары келісімге қол қойған еді. Биылдан бастап Көкшетауда Калашников автоматтары өндірісін басталмақ.

Алматы, NEGE. «Биыл Көкшетауда 2015 жылғы үлгідегі Калашников автоматтарын шығаруды бастау жоспарланған», – деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«Тыныс» АҚ зауытының базасында АК-12 және АК-15 автоматтары шығарыла бастайды.