Көкшетауда 2 жасар бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті

Көкшетауда 1 жас 8 айлық бала бесінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, қазанның 4-де Көкшетау қалалық полициясының кезекші бөліміне жедел жәрдем көлігінің фельдшері хабарласқан. Ол Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасына бесінші қабаттан құлап, «жабық бассүйек жарақаты, миы шайқалу, ішінен соққы алу» диагнозымен 1 жас 11 айлық ұл баланың жеткізілгенін айтқан. «Тексеру кезінде сәбидің сол күні сағат 14:15 кезінде бесінші қабаттағы терезеден құлағаны анықталды. Сәбидің анасы ол уақытта ас бөлмеде түскі ас дайындап жатқан. Анасына баланың құлағанын сыртта жылап жатқан баланы көрген көршісі хабарлап айтқан», - дейді ведомстводан. Қазіргі кезде осы жағдай бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?