Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап, қаза тапты

Көкшетауда жұмысшы биікте баған бояп жатқан кезде астындағы саты сынып, құлап кеткен. Ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 14 шілдеде Көкшетау полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері кәсіпорындардың бірінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 54 жастағы ер адам бағанды бояп жатқан кезде астындағы саты сынып, ол биіктен құлап кеткен. Басынан алған ауыр жарақаты салдарынан жұмысшы оқиға орнында қайтыс болған.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі — «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан тексеру жүргізіліп жатыр», - деп нақтылады полиция.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?