Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Көкшетауда жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 жастағы баланы жалғыз тәрбиелеп отырған 52 жастағы әйел көз жұмды.

Видеодан кадр

Астана, NEGE. Қайғылы оқиға 9 мамыр күні Сарыарқа көшесіндегі тұрғын үй ауласында болған.

Полиция бұл дерек бойынша екі қылмыстық іс қозғады. Тексеру кезінде күдікті әйелдің жүргізуші куәлігі болмағаны және автомектепте оқымағаны анықталды.

«Көлікті басқарған әйелге қатысты адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережелері мен көлік құралдарын пайдалану талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

11 мамыр күні ол үйқамаққа алынды.

Сонымен қатар көлік иесі – оның жұбайына қатысты да жеке іс қозғалды. Оған көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адамға басқаруға берді деген айып тағылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты