Көкшетауда жалған нөмірмен көлік айдаған жүргізуші ұсталды

Көкшетау полицейлері 10 жыл бұрын есептен шығарылған мемлекеттік нөмірмен жүрген автокөлік иесін құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Көкшетау қалалық ПБ ЖПҚБ ППБ қызметкерлері Жүнісов – Назарбаев көшелерін патрульдеу барысында Mercedes Benz көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің тиісті құжаттары болмады. Автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі басқа автокөлікке тиесілі екендігі және 2014 жылы есептен шығарылғандығы анықталды.

Mercedes Benz автокөлігінің 50 жастағы иесі өзінің көлігін ҚР-да есепке қоюға үлгермеген және мәселені тіркеу нөмірлік белгілерін ауыстыру арқылы шешкен. Қазіргі уақытта көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.

Құқық бұзушының өзі ҚР ӘҚБтК 590-бабының (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) 3, 4 бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды