Көкшетауда түнгі жүгіру кезінде әйел көз жұмды

Көкшетауда түнгі жүгіру жарысы кезінде қайғылы жағдай болды. 35 жастағы қатысушы 5 шақырымдық қашықтықта жүгіріп келе жатқанда өзін жайсыз сезініп, кенеттен құлаған, деп хабарлайды Kokshetau Today.

Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға орнында тұрған медициналық бригада бірден алғашқы көмек көрсетіп, әйелді ауруханаға жеткізді. Алайда дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, ол таңертең есін жимастан көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм денсаулығына бұрын шағымданбаған, жақсы физикалық күйде болған. Дегенмен нақты себебі медициналық сараптама нәтижесінде белгілі болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр