Көкшетауда төтенше жағдай режимі жарияланды

Қылшақты өзеніндегі су деңгейінің қалыптан тыс көтерілуінен су тасқыны жағдайына байланысты, нәтижесінде тұрғындардың тұрмыстық жағдайы бұзылып, Көкшетау қаласында жергілікті маңызы бар төтенше жағдай режимі жарияланды.

Көкшетау қаласының әкімдігі

Алматы, NEGE. Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса халыққа үндеуінде жағдайды тұрақтандыру үшін осы шешім қабылданғанын айтты.

«ТЖ шеңберінде барлық шығын бағаланып, оларды өтеу жөніндегі мәселелер комиссиялық түрде шешілетін болады. ТЖ салдарын жою жөніндегі штаб құрылды, су басу аймағында тұратын тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде. 29 наурыздағы жағдай бойынша 100-ге жуық адам дайындалған орындарға орналастырылды. Барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі», - деді қала әкімі.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады