Көкшетауда саяси партияның жетекшісі қамалды

Көкшетауда тіркелмеген «Алға, Қазақстан» ұйымының жетекшілерінің бірі Амангелді Джахин қамалды, – деп жазады Bureau.kz.

видеодан кадр

Астана, NEGE. Белсендінің әйелінің айтуынша, Джахин 18 қараша күні Көкшетау қаласына кеткен. Содан ешқандай хабар ала алмаған.

Джахиннің қорғаушысы Мейіржан Досқараев белсендінің Көкшетау қаласында ұсталып, қамауға алынғанын айтты. Оған «Тыйым салынған ұйымның қызметіне араласу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Ақмола мен Астана қаласының полиция департаменттері белсендінің ұсталуына байланысты ақпарат таратпады.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды