Көкшетауда кәсіпкер жалған құжат толтырып, ArtSport қаржысын жымқырған

Ақмола облысының прокуратурасы ArtSport мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жеке кәсіпкердің 1,4 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғанын хабарлады.

Depositphotos

Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, 2023 жылғы мамыр айынан 2024 жылғы қыркүйек айына дейінгі кезеңде кәсіпкер секцияларға қатыспаған алты баланың дерегін пайдаланып, мемлекеттен қаржы алып отырған. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Н. сімді азаматша жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, ArtSport бағдарламасына қатысу құқығын алған және ваучерлік қаржыландыру арқылы сабаққа қатысу табельдерін және көрсетілген қызметтер актілерін жалған толтырған. Соның негізінде мемлекеттік бюджеттен оның есепшотына қаражат аударылып отырған.

Нәтижесінде мемлекетке 1,4 млн теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді», – делінген ресми ақпаратта.

Қалалық соттың үкімімен кәсіпкер бюджет қаражатын жымқырғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 190-бабы) кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ 3 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады