Көкшетауда ғылыми кітапхана ғимаратынан өрт шықты

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабаралады.

ТЖМ

Алматы, NEGE. «Бүгін таңертең Ақмола облысы Көкшетау қаласында екі қабатты облыстық ғылыми кітапхана ғимаратының бірінші қабатында кітаптары бар сөрелерден өрт шықты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақыру бойынша жіберілді. Жану жедел түрде 10 ш.м алаңда сөндірілді», – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды