Көкшетауда ер адам 5-ші қабаттан құлап кетті

Көкшетауда ер адам салынып жатқан үйдің төбесінен бесінші қабатқа құлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  30 қарашада Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Ер адамға “жабық ми жарақаты, сол жақтағы 6-шы қабырғаның сынуы” диагнозы қойылды.

Жедел-тергеу тобы 30 қарашада зардап шегуші салынып жатқан көппәтерлі бес қабатты үйде жұмыс істегенін анықтады. Белгілі болғандай, ол жұмыс барысында үйдің  5-ші қабатынан құлап кеткен.

Аталған факті бойынша 156-баптың 1-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тексеру жүргізілуде.