Көкшетауда 22 жастағы жігітті неке қиған күнінде өлтіріп кетті

Көкшетау қаласындағы ойын-сауық мекемелердің бірінде үйлену тойын тойлап жатқан 22 жастағы жігіт көз жұмды. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Бұл жайтқа қатысты Ақмола облысының полиция департаменті пікір білдірді.

«12 қарашада Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кеткен. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар бұл оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталды. Алты адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Аталмыш жағдай ПД басшысының тікелей бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды