Көкшетау мен Степногорск карантинге жабылады

Бүгін кешкі сағат 20:00-ден бастап Көкшетау қаласы карантинге жабылады. Осыдан бір апта бұрын шаһар маңына қойылған санитарлық қосындар енді блок-бекеттерге айналмақ.

Алматы, NEGE. Облыс орталығына тек арнайы рұқсаты бар тұлғалар ғана кіріп-шыға алады. Ал кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері stopcorona.kz сайты арқылы өтініш беру қажет. Дәл осындай шектеу шаралары 26 маусым түнгі сағат 12-ден бастап Степногорск қаласына да енгізіледі. Яғни аталған шаһарға да кіріп-шығуға тыйым салынады. Сондай-ақ ертеңнен бастап қос қалада сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін көлік және кісі қозғалысы шектеледі. Үйден тек мәжбүрлі жағдайда ғана шығуға рұқсат.

Ал жасы 65-тен асқан адамдарға үйден мүлдем шықпауға кеңес беріледі. Сонымен қатар халықтың көп шоғырлануына сеп болатын барлық іс-шара әзірге өткізілмейді. Мұндай амалдар аймақта қауіпті вирусты жұқтырғандардың қатары күрт көбейгендіктен жасалып отыр дейді мамандар. Айнагүл Мусина, облыстық тауарлар мен қызмет түрлерінің сапасын бақылау департаментінің басшысы: - Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша коронавирус жұқтырудың 651 жағдайы тіркеліп отыр. Олардың 349-ы симптомды. Ал қалғандары симптомсыз. 8 адам осы індеттен көз жұмды. Ауру әсіресе, маусым айында өршіп кетті. Қауіпті індетке шалдыққандар аймақтың барлық ауданында бар. Сондықта, осындай қатаң шектеу шараларын енгіздік.

Қазір оқып жатыр

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған