Көкшетау мен Қостанайда қар жауды (видео)

27 қыркүйекке қараған түні Қостанай облысы мен Көкшетауда биыл күздегі алғашқы қар жауды.

Алматы, NEGE.  Синоптиктер бұған дейін Қазақстанның солтүстік бөлігінде жауын қарға ұласуы мүмкін екенін ескертсе де, алғашқы жауын-шашын Қостанай облысының автокөлік жүргізушілері үшін күтпеген жағдай болды.

"Бұл видеоны редакцияға Бейімбет Майлин атындағы ауданнан жіберді. Бүгін таңертең онда қар жауған", - деп жазды Қостанай туралы жаңалықтарды Instagram-да. 

Қостанайлықтар да бүгін алғашқы қарды байқаған. Алайда, олардың айтуынша, қаладағы қар тез еріп кеткен.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Жасанды интеллект жұмыс орындарын қысқартуы мүмкін

Қазақстанда 388 Hyundai Tucson көлігіне тегін бағдарламалық жаңарту жасалады

Астанада ер адам көпірден секіріп кетті

«Өзімді ешқашан кешірмеймін»: әл-Фарабидегі жол апаты бойынша алдын ала тыңдау өтті