Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз берген
Көкшетау қаласының әкімдігі заңды тұлғаға 10 жер телімін заңсыз бергені анықталды.
Астана, NEGE. Жер телімдеріне қатысты заңбұзушылықтарды Көкшетау қаласының прокуратурасы анықтаған.
«Талдау барысында Көкшетау қаласының әкімдігі Жер кодексінің 48-бабын бұза отырып (аукциондар (сауда-саттық) өткізбестен), заңды тұлғаға коммерциялық мақсаттағы жалпы ауданы 2,4 гектар, құны шамамен 70 млн теңге болатын 10 жер телімінің заңсыз ұсынылғаны анықталды», – делінген қадағалаушы орган таратқан хабарламада.
Прокурорлық қадағалау шараларымен заңсыз ұсынылған жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды.