Көкпар мен аударыспақтан ХХІ ел чемпионаты мәресіне жетті  

Жамбыл облысында 10 күнге созылған сайыста әр өңірден келген шабандоздар ат үстіне өз ептіліктерін көрсетті, деп

хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматы, NEGE. Дүбірлі додаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 14 өңірден 300-ге жуық көкпаршы қатысты. Аударыспаққа қатысушылар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Ал, көкпаршылар жекелей және командалық есепте 3 орынға таласты. Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында орналасқан "Атшабарда" өткен сайысты тамашалауға келген жанкүйерлер қызықты сәттердің куәсі болды. Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысы Бірінші лиганың жеңімпаздары атанып, Жоғарғы лигада өнер көрсету құқығына ие болса, екінші орын маңғыстаулықтарға бұйырды. Ал, қола жүлде Шымкенттік құрамасының еншісінде қалды. Жоғары лиганың ойындары нәтижесінде Жамбыл облысы құрамасы үздік атанды. Ал, күміс медальды түркістандықтар иеленсе, үздік үштікті Атыраулық команда түйіндеді. Ал, аударыспақ сайысынан әр салмақ бойынша үздіктер анықталып, жеңіс тұғырына көтерілді.
 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды