Көкпар беріп, 7 тәулікке қамалды

Төтенше жағдай кезінде ойын-той ұйымдастырушылар әлі тыйылмай тұр. Жамбыл облысының Жуалы аудандық полиция қызметкерлері осындай екі оқиғаны анықтап, тиісті шара қолданған.

Алматы, NEGE. Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпарға қарағанда, Талапты ауылының 46 жасар азаматшасы 29 наурыз күні үйінде құдалық өткізген. Қызын ұзатудың қамымен үйіне құдаларын шақырып, қонақ күткен әйелге 10 айлық есептік көрсеткіш (26 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Ал Нұрлыкент ауылының 37 жасар тұрғыны өмірге келген алтыншы ұлының құрметіне көкпар берген екен. Ол 7 тәулікке қамалған.

Полиция департаменті төтенше жағдай кезінде заң талаптарын ескермегендер не 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтінін, не 15 тәулікке қамалатынын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды