Көкке шыққан ауыл әкімі бәлеге қалды

Қызылорда облысында карантин талаптарын сақтамай көпшілікпен табиғат аясына демалуға шыққан ауыл әкімі тиісті жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылдық округі әкімінің тәртіптік ісі қаралды. Департамент қызметкерлері ол жөнінде әлеуметтік желіде жарияланған жазбаға назар аударған. «Әлеуметтік желідегі жазбада ауыл әкімінің карантин режимін сақтамағаны айтылған. Ол табиғат аясында әріптестерімен демалыс ұйымдастырған., Осылайша санитарлық талаптарды бұзған. Бұл көпшілік тарапынан сынға іліккен болатын», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандары. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тәртіптік істі қарады. Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін ауыл әкімі «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылатын болды.

Қазір оқып жатыр

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілген