Қоқыс полигоны өртенді

«Қазгидромет» РМК елордадағы түтін мен ыстың себебін атады.

Алматы, NEGE. Ведомство мұны Целиноград ауданындағы қоқыс полигонының өртенуімен түсіндірді.

«Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Целиноград ауданында Тайтөбе ауылынан 5 шақырым жерде қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Өрт аумағы 250 шаршы метрді шарпыған. Елордада желсіз, жауынсыз тымық ауа райы болғандықтан, аспанда инверсиялық қабат пайда болды», – делінген хабарламада.

«Қазгидромет» РМК бақылау бекеттерінің дерегінше, 28-29 тамыз күндері ауадағы шекті жол берілген норма артқан. Елордада ауаның жай-күйі 10 бекетте бақыланады, оның 4 бекетінде деректер қолмен сұрыпталады, 6 бекеті – автоматты түрде жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Яна Легкодимованың қазасы: сотталғандарды этаптау үшін арнайы күзет сұратылған

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Мұнай тағы да күрт қымбаттады